Футболдан ӘЧ-2026: Алжир Иорданияның осал тұсын тапты

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында J тобында Иордания - Алжир құрамалары кездесті.

а
Фото: Fifa.com

Әлем чемпионатына алғаш рет қадам басқан Иордания алғашқы турда Аустрияға 1:3 есебімен есе жіберсе, алжирлік футболшылар Аргентинадан 0:3 есебімен ойсырай жеңілді.

Бүгінгі кездесу құрамалар үшін маңызды болатын. Жеңгені плей-офф сатысына шығатын мүмкіндіктен қол үзбей, жеңілгені одан тыс қалатын.

Алғашқы минуттан шабуылға көңіл бөлген құрамалар жылдам гол соғу мүмкіндігін іздеді. Соған қарамастан бір-бірінің қақпасынан асңылау таба алмай жатты. Ойынның 36-минутында Низар Аль-Рашдан өз мүмкіндігін мүлт жібермей, өз құрамасын алға шығарды.

Алжирлік футболшылар таразы басын теңестіруге ұмтылды. Десе де бірінші кезеңде дегеніне жете алған жоқ. Олардың қатарынан Надир Бенбуали 69-минутта гол соғып кетті.

Ойынның 82-минутында африкалық құрамадан Амин Гуири соққан гол өз құрамсына жеңіс алып келді.

Осылайша Алжир құрамасы қарсыласынан 2:1 еесбімен басым түсті.

Бұл топтағы тағы бір кездесуде Аргентина Аустрияны 2:0 есебімен тізе бүктірді.

Екі турдан кейін Аргентина мен Аустрия алты ұпай жинап, плей-офф сатысына берілген жолдаманы ертерек шешіп қойды.

Ал Алжир үшінші турда Аустрияны жеңсе, осындай мүмкіндікке ие болады. Тағы бір кездесуде Аргентина мен Иордания шеберлік байқасады.