Футболдан ӘЧ-2026: Бельгия екінші ойын қатарынан тең түсті

АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында G тобында Бельгия — Иран құрамалары кездесті.

Футболдан ӘЧ-2026:  Бельгия екінші ойын қатарынан тең түсті
Фото: Fifa.com

Бельгиялық футболшылао доп додасын сәтсіз бастады. Алғашқы турда Мысыр құрамасымен 1:1 есебімен тең ойнаған олар сол олқылықтың орнын бүгін толтыруға тырысты. Ойын басталған сәттен тізгінді қолға ұстауға тырысқан олар жылдам гол соғу мүмкіндігін іздеген еді. Дегенмен діттеген мақсатына жете алмай жатты.

Бас төреші аргентиналық Дарио Эррера 25-минутта ирандық Мехди Тареми соққан голды ойыннан тыс қалды деген себеппен жаратпай тастады.

2018 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған бельгиялық футболшылар гол соғуға қанша тырысса да қарсыластар қақпасынан саңылау таба алмай жатты. Кейбір сәтте ирандық құрама шабуылға шығып, өз мүмкіндігін мүлт жібермеуге тырысты.

Ойынның 66-минутында бельгиялық Натан Нгой қызыл қағазбен жазаланды. Осылайша жасыл алаңда небәрі он ойыншымен қалған олар қалған уақытта кем құрамда қалуға тура келді.

Бұл кездесуде құрамалар 0:0 есебіне қанағат білдірді.

Ирандық футболшылар алғашқы турда Жаңа Зеландиямен 2:2 есебімен тең ойнаған еді.
Сондай-ақ бұл топта 06:00–де Жаңа Зеландия — Мысыр шеберлік байқасады.

Енді бұл топта 27 маусымда Бельгия — Жаңа Зеландия, Мысыр — Иран құрамалары кездеседі. 

Еске салсақ, бұдан бұрын H тобында Бельгия құрамасы Сауд Арабиясын 4:0 есебімен жеңсе, сағат 03:00–де бұл топта Кабо-Верде — Уругвай жасыл алаңға шығады.