Футболдан ӘЧ-2026: Эрлинг Холанд Норвегияны плей-офф сатысына алып шықты

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында I тобында Норвегия - Сенегал құрамалары кездесті.

ы
Фото: fifa.com

Бұл кездесуде екі құрама да жеңіске жетуге бар күшін салды. Норвегия басым түссе, плей-офф сатысына жолдама алатын еді. Бірінші турда жеңілістің ащы дәмін татқан сенегалдық футболшылар үшін үш ұпай ауадай қажет болатын. Сондықтан алғашқы минуттан кездесу тартысты өтті.

Ойынның 43-минутында норвегиялық Маркус Педерсен көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Одан кейін Эрлинг Холанд 48-минутта есепті үстемелесе, оған африкалық құрамадан Исмаила Сарр бір голмен жауап қайырды.

Ойынның 58-минутында Эрлинг Холанд тағы бір мәрте көзге түссе, Исмалила Сарр 93-минутта қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша Норвегия қарсыласынан 3:2 есебімен басым түсіп, плей-офф сатысына жолдамаға ие болды.

Бұл топтағы Франция құрамасы Ирактты 3:0 есебімен тізе бүктірді.