Футболдан ӘЧ-2026: Эрлинг Холандтың голы Норвегияны 1/8 финалға алып шықты
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында плей-офф сатысында Норвегия құрамасы Кот-д’Ивуарды жеңіп, 1/8 финалға жолдама алды.
Қос құраманың жа жарысты жалғастыратын мүмкіндігі болды. Африкалық құрама сапында әлемнің беделді клубтарында ойын көрсетіп жүрген футболшылар аз емес. Эрлинг Холанд бастаған Норвегия кез келген қарсыласына лайықты төтеп бере алады.
Кездесу барысында құрамалар бір-бірінің қақпасы маңында жиі бой көрсетті. Нәтижесінде 39-минутта норвегиялық Антонио Нуса көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.
Ойынның 74-минутында Кот-д’Ивуар сапынан Амад Диалло таразы басын теңестірген еді.
Кездесу барысында Эрлинг Холанд 86-минутта шешуші гол соғып кетті.
Осылайша Норвегия қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсіп, жарыстың келесі сатысына шықты.
Енді плей-офф сатысында 1 шілдеде сағат 02:00-де Франция - Швеция, 06:00-де Мексика - Эквадор жасыл алаңға шығады.
Айта кетсек, бұдан бұрын Канада, Бразилия, Парагвай, Марокко құрамалары 1/8 финалға шықты.