Футболдан ӘЧ-2026: Харри Кейннің екі голы Англияға жеңіс алып келді

АСТАНА. KAZINFORM – Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында L тобында сынға түсіп жатқан Англия – Хорватия кездесуі аяқталды.

Футболдан ӘЧ-2026: Харри Кейннің екі голы Англияға жеңіс алып келді
Фото: Championat.com

Кездесу барысында құрамалар тартысты ойын өткізді. Бір-бірінің қақпасына көп гол соғуымен ерекшеленді. Алғашқы кезеңнің өзінде қарсыластар екі-екіден қақпаны дәл көздеді.

Ойынның 12-минутында Англия құрамасының капитаны Харри Кейн пенальтиден мүлт кеткен жоқ. Оған 36-минутта хорватиялық Мартин Батурина бір голмен жауап қайырды.

Ал 42-минутында Кейін өзінің екінші голын соқса, 45-минутта хорватиялық Летар Муса өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ.

Екінші кезеңді англиялық құрама белсенді бастады. Олардың қатарынан Джуд Беллингем соққан гол Англияны қайтадан алға шығарса, 85-минутта Маркус Рэшфорд қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша, Англия әлем біріншілігін сәтті бастап, қарсыласынан 4:2 есебімен басым түсті.

Бұл топтағы тағы бір кездесуде Қазақстан уақытымен сағат 04:00-де Гана – Панама құрамалары жасыл алаңға шығады.

Айта кетсек, бұдан бұрын K тобында Португалия – Конго ДР 1:1 есебіне қанағат білдірді. Бұл топта енді сағат 07:00-де Өзбекстан мен Колумбия құрамалары ойнайды.