Футболдан ӘЧ-2026: Кабо-Верде мен Уругвай тең ойнады
АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында тағы екі ойынның нәтижесі белгілі болды.
H тобында сынға түсіп жатқан Уругвай мен Кабо-Верде жеңімпаз анықтай алған жоқ.
Кездесу барысында африкалық құрама сапынан Кевин Ленини 21-минутта есеп ашқан еді. Бірінші кезеңнің аяқ шеніне таман уругвайлық футболшылар қатарынан екі гол соғып кетті. Бұл голдарды Максимилиано Хавьер Араухо Вильчес 44, Агустин Каноббио 46-минутта өзінің еншісіне жазды.
Екінші кезеңде оған африкалық құрамадан Элио Варела 61-минутта бір голмен жауап қайырды.
Осылайша құрамалар 2:2 есебіне қанағат білдірді.
Сондай-ақ бұл топта екінші турда Испания Сауд Арабиясын 4:0 есебімен қапы қалдырды.
Алғашқы турда Испания мен Кабо-Верде 0:0, Сауд Арабиясы мен Уругвай 1:1 есебімен тең ойнаған еді.
Ал G тобында тағы бір кездесуде Жаңа Зеландия мен Мысыр шеберлік байқасқан еді. Кездесу барысында Жаңа Зеландия құрамасынан Финн Сёрман 15-минутта есеп ашқан еді.
Оған африкалық құрама екінші кезеңде қатарынан үш голмен жауап қайырды. Оны Мостафа Зико 58, Мохамед Салах 61, Трезеге 82-минутта өзінің еншісіне жазды.
Бұл топта екінші турда Бельгия мен Иран 0:0 есебімен тең ойнаған еді.