Футболдан ӘЧ-2026: Микель Оярсабальдің қос голы Испанияға жеңіс сыйлады
АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында H тобында Испания құрамасы Сауд Арабиясын 4:0 есебімен жеңді.
Алғашқы турда Кабо-Вердемен 0:0 есебімен тең түскен испаниялық футболшылар бұл жолы ұпай жоғалтпауға тырысты. Ойын басталған сәттен шабуылға лап қойған олар дегеніне 10-минутта жетті. Қазір есімі әлем жұртшылығына танылып үлгерген жас жұлдыз Ламин Ямал өз мүмкіндігін мүлт жібермей, өзінің мансабында әлем біріншілігіндегі алғашқы голын соқты.
Жылдам гол соғып үлгерген испаниялық құрама бұдан кейін де тыныштық тапқан жоқ. Ойынның 21-минутында олардың қатарынан Микель Оярсабаль есепті үстемелесе, 24-минутта ол өзінің екінші голын соғып үлгерді.
Ал 49-минутта Сауд Арабиясы сапынан Хассан Аль-Тамбакти өз қақпасына гол соғуға мәжбүр болды.
Осылайша Испания қарсыласынан 4:0 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде 4 ұпаймен бірінші орынға көтерілді.
Енді бұл топта Қазақстан уақытымен 03:00-де Кабо-Верде - Уругвай құрамалары жасыл алаңға шығады.
Сондай-ақ 22 маусымда сағат 00:00-де Бельгия - Иран, 06:00-де Жаңа Зеландия - Мысыр шеберлік байқасады.
Еске салсақ, бұдан бұрын Германия плей-офф сатысына жолдамаға ие болды.