Футболдан ӘЧ-2026: Түркия құрамасы екінші мәрте жеңілді

АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында D тобында Түркия — Парагвай құрамалары кездесті.

Футболдан ӘЧ-2026: Түркия құрамасы екінші мәрте жеңілді
Фото: fifa.com

Алғашқы турда екі құрама да сәтсіз ойнады. Түркиялық футболшылар Аустралияға 0:2 есебімен жеңілсе, Парагвай АҚШ құрамасына 1:4 есебімен жол берді. Сондықтан бүгінгі кездесу екі құрама үшін маңызды матч еді.

Ойын барысында құрамалар бірден жылдам гол соғу мүмкіндігін іздеді. Осындай сәттің бірінде парагвайлық Матиас Галарса 2-минутта қарсылас қақпасынан саңылау тауып кетті. 

Түркиялық футболшылар таразы басын теңестіруге ұмтылды. Соған қарамастан дегеніне жете алмай жатты.

Бірінші кезеңнің аяқ шенінде Парагвай құрамасынан Мигель Альмирон қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Нәтижесінде түркиялық футболшылар ойынның қалған бөлігінде бір футболшыға артық ойнауға мүмкіндік алды.

Айта кетсек, бұдан бұрын бұл топта АҚШ құрамасы Аустралияны 2:0 есебімен жеңді.

Енді бұл топтағы ойындар 26 маусым күні өткізіледі. Бұл күні Парагвай Аустралиямен кездессе, Түркия мен АҚШ щеберлік байқасады.

Еске салсақ, бұдан бұрын Бразилия футболдан әлем чемпионатында алғашқы жеңісіне жетті.