13:27, 05 Қаңтар 2010 | GMT +5
Футболдан «Ақжайық» командасына жаңа бапкер келді
ОРАЛ. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Биыл премьер-лигада өнер көрсететін "Ақжайық" футбол командасына белгілі беларус маманы Анатолий Юревич бас бапкер болып тағайындалды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
А.Юревич 1957 жылы туылған. 17 жасында алған ауыр жарақатынан кейін ойыншылық кәсібін доғаруға мәжбүр болған. Жаттықтырушылық қызметте 1977 жылдан бері еңбек етуде. Жасөспірімдер арасында Беларус құрамасына жетекшілік еткен. 1993 жылы Мозырьдің "Полесье" командасын қабылдап, екі жыл ішінде чемпиондық тұғырға көтеріп, ел кубогын қанжығаға байлаған. 1999-2001 жылдары минскілік "Торпедоның", 2004-2006 жылдары украиналық "Металлург" командасының, ал 2007 жылдан "Гомельдің" бас бапкері болған. Соңғы қызмет орны - Беларус футбол федерациясы.