Футболдан әлем чемпионатына қатысқан құрамалардың қанша сыйақы алатыны белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қатарда футболдан өткен әлем чемпионатына қатысқан ұлттық құрамалардың қанша сыйақы алатыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

NBC Sports мәлім еткеніндей, Халықаралық футбол қауымдастығы (ФИФА) бұл мақсатқа барлығы 410 млн-нан астам еуро қаржы бөлген.

Топтық бәсекеден аса алмаған Қатар, Эквадор, Уэльс, Иран, Мексика, Сауд Арабиясы, Дания, Тунис, Канада, Бельгия, Германия, Коста-Рика, Сербия, Камерун, Гана және Уругвай командалары 8,5 млн еуродан алады.

Сондай-ақ 1/8 финалдан кейін шығып қалған АҚШ, Сенегал, Аустралия, Польша, Испания, Жапония, Швейцария және Оңтүстік Кореяның үлесіне 12 млн-дай еуродан тиді. Ширек финалға жеткен Бразилия, Нидерланд, Португалия, Англияға 16 млн-нан сәл астам еуродан беріледі.

Төртінші орынға табан тіреген Марокко 23,5 млн-ға, қола медаль иегері Хорватия 25,5 млн-ға жуық еуроға қол жеткізеді.

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Франция - 28 млн, жеңімпаздар – Аргентина құрамасы 37,5 млн еуродан алмақ.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан ұлттық құрамасының ФИФА рейтингісіндегі орны анықталғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Роналду «Аль-Наср» клубымен ұзақ мерзімді келісімшарт жасады.


Фото: www.championat.com


Соңғы жаңалықтар