Футболдан бірінші лигада «Ақжайық» ірі есеппен жеңіске жетті

Қазақстандық маман Игорь Прохницкийдің шәкірттері өз алаңында «Астана-Жас» командасын қабылдады.
Бірінші таймда ресейлік Евгений Кобзарь 16-минутта есеп ашты.
Екінші кезеңде биылғы маусымда нәтижелі ойынымен көзге түсіп жүрген шабуылшы Арман Смайлов алаңға шықты. Алдымен украиналық Микола Агапов 53-минутта чемпионаттағы кезекті голын соқты. Содан кейін А.Смайлов 57-минутта матчтың нүктесін қойды.
Тоғыз ойыннан кейін 19 ұпай жинаған «Ақжайық» үздік үштікте келеді.
Осы турда «Тұран» сырт алаңда «Академия Оңтүстік» командасын 5:0 есебімен ойсырата ұтты. Түркістандықтар 22 ұпаймен екінші орында тұр. Ал біріншілікте 25 ұпаймен Семейдің «Елімайы» бұрынғыша көш бастауда.
Оралдықтар келесі кездесуін 8 маусымда сырт алаңда «Жас Қыранмен» өткізеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын футболдан бірінші лигада «Ақжайықтың» «Қайрат-Жастарды» ойсырата ұтқанын жазған едік.
Футболдан Қазақстан кеңейтілген құрамасына кімдер шақырту алғаны белгілі болды.
Фото – Айбатыр Нұраш