Футболдан Бірінші лигада «Шахтер» қарсыласын ірі есеппен жеңді
АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан Бірінші лиганың VІ туры мәресіне жетті.
Екінші ойын күні, 15 мамырда қарағандылық «Шахтер» өз алаңында «Ақтөбе-2» командасын 7:0 есебімен ойсырата жеңді.
Командалар бірінші кезеңде бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ.
Екінші кезеңде қарағандылық команда қарсылас қақпасына жауапсыз жеті гол соғып кетті.
Ойындар нәтижесі
14 мамыр
14:00. «Тобыл-2» (Қостанай) — «Астана-2» 1:2
16:00. «Елімай-2» (Семей) — «Каспий-2» (Ақтау) 0:4
17:00. «Тұран» (Түркістан) — «Тараз» 0:2
15 мамыр
14:00. «Шахтер» (Қарағанды облысы) — «Ақтөбе-2» 7:0
16:00. «Академия Оңтүстік» (Шымкент) — «Қайрат-2» 1:3 (Алматы)
16:00. «Арыс» (Түркістан облысы) — «Хан тәңірі» (Алматы) 0:1
17:00. «Жайық» (Орал) — «Батыр» (Павлодар облысы) 0:1.
Өткен жылы Бірінші лигада алғашқы үш орынға ие болған «Каспий» (Ақтау), «Ертіс» (Павлодар), «Алтай» (Өскемен) командалары Премьер-лигаға тікелей жолдама алды. Ал Премьер-лигада соңғы орынды місе тұтқан «Тұран» биыл бірінші лигада сынға түсіп қалды.
Қазір турнир кестесінде 136 ұпаймен «Шахтер» командасы келеді. Ал одан кейінгі орындардағы «Қайрат-2» командасының 14, «Тараз» бен «Тұранның» 10 ұпайы бар.