Футболдан еліміздің әйелдер лигасының екінші туры басталады

АСТАНА. KAZINFORM - Ойындар 4 және 5 мамыр күндеріне белгіленген.

футбол
Фото: Kffleague.kz

Биылғы маусым отандық әйелдер футболы тарихындағы ең ауқымды әрі қызықты кезеңдердің бірі болмақ. Чемпионатқа 19 команда қатысып, лига екі конференцияға бөлінді. А конференциясында - 9 команда, В конференциясында - 10 команда ойнайды.

Командалар екі кезеңдік жүйе бойынша өзара кездесу өткізеді. Одан кейін әр конференциядан 1 және 2 орын алған клубтар жартылай финал мен финалда чемпиондық үшін таласады.

Бүгін, 4 мамырда А конференциясында командалар өзара сайысқа түседі.

А конференциясы

«Каспий» (Ақтау) - «Қайсар» (Қызылорда)

«Ұлытау» (Жезқазған) - «Тұран» (Түркістан)

«Қайрат» (Алматы) - «Ордабасы» (Шымкент)

«Жетісу» (Талдықорған) - «Атырау»

5 мамыр

В конференциясы

«Елімай» (Семей) - «Тобыл» (Қостанай)

«Қызылжар» (Петропавл) - «Ертіс» (Павлодар)

«Алтай» (Өскемен) - «Шахтер» (Қарағанды)

«Ақтөбе» - «Астана»

«Жеңіс» (Астана) - «Оқжетпес» (Көкшетау).

Биыл ел біріншілігінде «Ақтөбе», БИІК, «Томирис-Тұран» клубтары жүлделі орындарға таласады деп күтіледі. Былтыр футболдан әйелдер лигасында «Ақтөбе» тұңғыш рет чемпион атанды.

Еске салсақ, алғашқы турдан кейін «Ақтөбе» командасы турнир кестесінде көш басында келеді.

https://kaz.inform.kz/news/kpl-ulitau-oz-alaninda-elmaydan-basim-tust-331097ef

Петропавлда Есіл өзенінің тасуына байланысты ескерту жарияланды
Ұқсас жаңалықтар

Петропавлда Есіл өзенінің тасуына байланысты ескерту жарияланды