Футболдан еліміздің әйелдер лигасының төртінші туры басталады

АСТАНА. KAZINFORM — Ойындар 18 және 19 мамыр күндеріне белгіленген. 

«Ақтөбе» футбол клубы
Фото: «Ақтөбе» футбол клубы

Биылғы маусым отандық әйелдер футболы тарихындағы ең ауқымды әрі қызықты кезеңдердің бірі болмақ. Чемпионатқа 19 команда қатысып, лига екі конференцияға бөлінді.

А конференциясында — 9 команда, В конференциясында — 10 команда ойнайды.

Командалар екі кезеңдік жүйе бойынша өзара кездесу өткізеді. Одан кейін әр конференциядан 1 және 2 орын алған клубтар жартылай финал мен финалда чемпиондық үшін таласады.

Бүгін, 18 мамырда А конференциясында командалар өзара сайысқа түседі.

А конференциясы

16:00. «Қайрат» (Алматы) — «Каспий» (Ақтау)
17:00. «Атырау» — «Қайсар» (Қызылорда)
17:00. «Жетісу» (Талдықорған) — БИІК (Шымкент)
17:00. «Ордабасы» (Шымкент) — «Томирис-Тұран» (Түркістан)

19 мамыр

В конференциясы

12:00. «Алтай» (Өскемен) — «Ертіс» (Павлодар)
14:00. «Елімай» (Семей) — «Оқжетпес» (Көкшетау)
15:00. «Қызылжар» (Петропавл) — «Тобыл» (Қостанай)
15:00. «Шахтер» (Қарағанды) — «Ақтөбе»
19:00. «Жеңіс» (Астана) — «Астана».

Биыл ел біріншілігінде «Ақтөбе», БИІК, «Томирис-Тұран» клубтары жүлделі орындарға таласады деп күтіледі. Былтыр футболдан әйелдер лигасында «Ақтөбе» тұңғыш рет чемпион атанды.

Еске алсақ, бұдан бұрын футболдан әйелдер лигасында БИІК ірі есеппен жеңіске жетті.