Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Әлем чемпионатының іріктеу турниріндегі жарысын бастайды

АСТАНА. Қыркүйектің 17-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Келесі аптада футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы 2011 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу турниріндегі жарысын бастайды,

Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Әлем чемпионатының іріктеу турниріндегі жарысын бастайды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, іріктеу турнирінде Қазақстан Ресей, Швейцария, Израиль және Ирландия құрамаларымен бірге 6-ыншы топта сынға түседі. Турнир күнтізбесіне сәйкес, біздің команда бірінші кездесуін қыркүйектің 24-інде сырт алаңда Ирландия құрамасымен өткізеді. Ойын Корк қаласындағы «Тернерс Кросс» стадионында болады. Ирландияға жерлестеріміз қыркүйектің 22-сінде ұшып шығады. Қазіргі уақытта футболшы қыздар Шымкентте оқу-жаттығу жиынын өткізуде.