Футболдан Қазақстан кубогының 1/16 финалына шыққан тоғыз команда анықталды
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан Қазақстан кубогының 1/16 финалы басталды.
Биыл турнир 1/16 финал кезеңінен бастау алды. Ерекшелігі оған әуесқой лиганың екі жеңімпазы қатыты. Жеңімпаз бір ойынның нәтижесімен анықталады.
Мұндай мүмкіндікке «Қайсар», «Тобыл», «Атырау», «Ордабасы», «Қайрат», «Астана», «Елімай», «Жетісу» және «Ертіс» командалары ие болды.
8 сәуір
- 14:00. «Талас» - «Қайсар» 0:2
- 14:00. «Ансат» - «Тобыл» 0:8
- 14:00. «Жас Қыран» - «Атырау» 0:4
- 15:00. «Академия Оңтүстік» - «Ордабасы» 2:4
- 15:00. «Жайық» - «Қайрат» 1:3
- 15:00. «БКС» - «Астана» 1:2
- 18:00. «Тұран» - «Елімай» 1:4
- 19:00. «Қаршыға» - «Жетісу» 0:1.
«SD Family» командасының биыл біріншілігіне қатысудан байланысты «Ертіс» 1/8 финалына бірден жолдама алды.
Енді 9 сәуірде тағы жеті ойын өткізіледі.
9 сәуір
- 14:00. «Zhelaev Nan» - «Алтай»
- 14:00. «Хромтау» - «Жеңіс»
- 15:00. «Арыс» - «Ақтөбе»
- 15:00. «Батыр» -«Каспий»
- 15:00. «Шахтер» - «Оқжетпес»
- 15:00. «Тараз» - «Ұлытау»
- 16:00. «Хан тәңірі» - «Қызылжар».
«SD Family» командасының биыл біріншілігіне қатысудан байланысты «Ертіс» 1/8 финалына бірден жолдама алды.
Қазақстан кубогы 1992 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Қазірге дейін барлығы 15 команда кубокты жеңіп алды. Оның ішінде «Қайрат» (Алматы) - 10, «Жеңіс» (Астана), «Астана», «Тобыл» (Қостанай) - 3, «Ақтөбе», «Қайсар» (Қызылорда), «Ордабасы» (Шымкент) -2, «Атырау», «Ертіс» (Павлодар), «Тараз», «Шахтер» (Қарағанды),«Восток» (Өскемен), «Алматы», «Достық» (Алматы), «Спартак» (Семей) - 1 мәртеден жеңімпаз атанды.