Футболдан Қазақстан кубогы алматылық «Қайрат» командасына бұйырды

Тартысты өткен ойынның алғашқы таймның 28-ші минутында алаң иелерінің сапындағы Патрик Твумаси қонақтардың қақпасына доп тулатқан болатын. Осылайша, ойынның бірінші кезегі «Астана» командасының басымдығымен өткенімен екінші таймның алғашқы минуттарында-ақ Джордже Деспотович ұрымтал сәтті тамаша пайдаланып, ойынды теңестіруге мүмкіндік алды. Осыдан кейін жасыл алаңдағы ойын өрнегі біршама бәсеңсіп, командалар ұрымтал тұсты аңдуға көшкен еді. Дегенмен, 70-шы минутта З.Плиевтің алаң иелерінің қақпасына бағыттаған добы жақтауға тиіп кері қайтқан еді. Бірақ ұрымтал тұста тұрған Д.Деспотович мұндай мүмкіншілікті қалт жібермей, допты қақпаға тоғытты. Ойынның қалған минуттарында «Астана» командасы есепті теңестіруге ұмтылғанымен, еш нәтиже шығара алмай Қазақстан кубогы Алматының «Қайрат» командасына бұйырды.