Футболдан Қазақстан кубогы үшін жарыс басталады

АСТАНА. Сәуірдің 5-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Сәуірдің 18-де футболдан Қазақстан кубогы үшін жарыс басталады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, жарыстың бірінші және екінші кезеңдерінде 1/8-ші финалға берілетін төрт жолдама үшін бірінші лиганың командалары таласатын болады. Бірінші және екінші кезеңдердің жеребелерінің нәтижесінде төмендегідей командалар жұп құрап отыр:

1. Каспий (Ақтау) - Актөбе-Жас (Ақтөбе)
2. Лашын (Қаратау) - Қайсар (Қызылорда)
3. Семей (Семей) - Восток (Өскемен)
4. Сұңқар (Қаскелең) - Ақ-Бұлақ (Талғар)
5. Цесна (Алматы) - Иле-Саулет (Өтеген Батыр ауылы, Алматы облысы)
6. Болат (Теміртау) - Қазақмыс (Сәтбаев)
7. Гефест (Қарағанды) - Астана-64 (Астана).

8. Кызылжар (Петропавл) - Асбест (Жетіқара)

Бұл командалар арасындағы ойындар сәуірдің 18-і және 19-ы күндері өтеді. Сәуірдің 24-і күні болатын екінші кезең матчтарында 1-ші мен 2-ші , 3-ші мен 4-ші, 5-ші мен 6-шы , 7-ші мен 8-ші жұптардың жеңімпаздары өзара ойнайды. Аталмыш кезеңдердегі жұптардың жеңімпаздары бір матчтың қорытындысы бойынша анықталады. Матчтар бірінші көрсетілген командалардың алаңдарында өтеді.

Соңғы жаңалықтар