Футболдан Қазақстан құрамасының алдағы екі ойынына кімдер қатысады
АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов маусым айында өтетін екі жолдастық кездесуге қатысатын ойыншылардың нақты тізімін жариялады.
Бұл жөнінде Қазақстан футбол федерациясы мәлім етті.
Маусым айында отандастарымыз сырт алаңда екі жолдастық кездесу өткізеді. Алдымен 6 маусымда Армениямен кездессе, 9 маусымда Мажарстанмен ойнайды.
Қорытынды тізімге 25 футболшы енді:
Қақпашылар: Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Александр Заруцкий («Ақтөбе»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»).
Қорғаушылар: Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Александр Мрынский, Еркін Тапалов (екеуі де – «Қайрат»), Ян Вороговский, Әлібек Қасым (екеуі де – «Астана»), Сергей Малый («Ордабасы»), Арсен Әшірбек («Елімай»), Санжар Сатанов («Атырау»), Сағи Совет («Қайсар»).
Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов («Елімай»), Жасұлан Әмір («Ордабасы»), Исламбек Қуат («Жеңіс»), Дінмұхамед Қараман («Астана»), Серікжан Мужиков («Жетісу»), Әбинұр Нұрымбет («Оқжетпес»).
Шабуылшылар: Дастан Сәтпаев («Қайрат»), Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов (екеуі де – «Ахмат», Ресей), Ислам Чесноков («Хартс», Шотландия), Роман Муртазаев («Елімай»), Мағжан Тоқтыбай («Ордабасы»), Мақсат Абраев («Астана»).
Еске салсақ, 2028 жылдан кейін UEFA Ұлттар лигасының форматы өзгереді.