Футболдан Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімі жарияланды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов наурыз айында өтетін FIFA Series 2026 турниріне шақырылған ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады.

Футболдан Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімі жарияланды
Фото: ҚФФ

FIFA Series турнирі 25-28 наурыз күндері Астана қаласындағы «Астана Арена» стадионында өтеді. Жарыс «төрттік финал» форматында ұйымдастырылады. Алғашқы матчта Қазақстан құрамасы Комор аралдарына қарсы ойнайды. Екінші ойында Кувейт немесе Намибия құрамаларының бірімен кездеседі.

Ұлттық құраманың кеңейтілген тізіміне 50 футболшы енді. Сол тізімнің ішінен FIFA Series 2026 турниріне 26 ойыншы тіркеледі.

Қазақстан құрамасының тізімі

Қақпашылар: Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Александр Заруцкий («Ақтөбе»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»).

Қорғаушылар: Сергей Малый, Сұлтанбек Астанов (екеуі де – «Ордабасы»), Александр Мрынский, Александр Широбоков, Еркін Тапалов (бәрі – «Қайрат»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Ян Вороговский, Әлібек Қасым (екеуі де – «Астана»), Әділбек Жұмаханов, Арсен Әшірбек (екеуі де – «Елімай»), Наурызбек Жагоров, Мейрамбек Қалмырза (екеуі де – «Тобыл»), Әділет Кеңесбек, Сағи Совет (екеуі де – «Қайсар»), Дінмұхаммед Қашкен («Жетісу»), Санжар Сатанов («Атырау»), Сағадат Тұрсынбай («Жеңіс»), Бағдат Қайыров («Ақтөбе»), Амандық Нәбиханов («Каспий»).

Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов, Жан-Әли Пайруз, Алмас Төлібай (бәрі – «Елімай»), Әділет Садыбеков, Дамир Қасабулат (екеуі де – «Қайрат»), Айбол Әбікен, Ерсұлтан Қалдыбеков (екеуі де – «Қайсар»), Зикрилло Сұлтаниязов («Ордабасы»), Дамир Марат, Александр Зуев (екеуі де – «Тобыл»), Исламбек Қуат («Жеңіс»), Дінмұхамед Караман («Астана»), Георгий Жуков («Ақтөбе»).

Шабуылшылар: Дастан Сәтпаев, Рамазан Бағдат (екеуі де – «Қайрат»), Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов (екеуі де – «Ахмат», Ресей), Ислам Чесноков («Хартс», Шотландия), Жаслан Жұмашев, Дәурен Жұмат (екеуі де – «Тобыл»), Эльхан Астанов («Ордабасы»), Рамазан Кәрімов («Астана»), Иван Свиридов, Айбар Жақсылықов (екеуі де – «Елімай»), Оралхан Өміртаев («Оқжетпес»), Артур Шушеначев («Ақтөбе»), Нұрдәулет Ағзамбаев («Қайсар»).

Оқу-жаттығу жиыны Қазақстан Премер-лигасының үшінші турынан кейін Астанада басталады. Отандастарымыз FIFA Series халықаралық жолдастық турнирінде Қазақстан құрамасы екі матч өткізеді: Алдымен 25 наурыз күні 15:00-де «Астана Аренада» Комор аралдарына қарсы ойнайды. Алғашқы ойынның нәтижесіне байланысты 28 наурыз күні Кувейт/Намибия құрамалырының жеңімпазымен шеберлік байқасады.

Еске салсақ, бұдан бұрын Талғат Байсуфинов Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне үшінші рет тағайындалды.