19:44, 20 Наурыз 2025 | GMT +5
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Уэльспен кездесуге аттанды
АСТАНА. KAZINFORM – Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Уэльс командасымен кездесу үшін Кардифф қаласына жол тартты.

Бұл туралы Қазақстан футбол құрамасының баспасөз қызметі Instagram желісіндегі парақшасында жазды.
— Біз аттандық: Анталия — Кардифф. Алда төрт сағаттық жол, - делінген онда.
Уэльс — Қазақстан ойыны 22 наурыздан 23-іне қараған түні Кардифф қаласындағы «Кардифф Сити» стадионында өтеді. Матч Қазақстан уақытымен сағат 00.45-те басталады.
Айта кетейік, бұл қазақстандық маман Әли Әлиевтің басшылығымен өтетін алғашқы кездесу болмақ.
Еске салсақ, бұдан бұрын Ұлттар лигасында бүгін плей-офф кезеңі басталатынын жазған болатынбыз.