Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының FIFA рейтингіндегі орны өзгерді

АСТАНА. KAZINFORM – Халықаралық футбол қауымдастықтары федерациясы (FIFA) футболдан ерлер арасындағы ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтингін жариялады. 

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының FIFA рейтингіндегі орны өзгерді
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Қазақстан ұлттық құрамасы 115-орыннан бір сатыға жоғары көтеріліп, 114-орынға тұрақтады. 

Талғат Байсуфинов жаттықтыратын құрама команда қараша айында екі матч өткізді. 15 қараша күні Қазақстан өз алаңында Бельгия құрамасымен 1:1 есебімен тең түсіп, бір ұпай еншіледі. Бұл нәтиже рейтингіде жоғары көтерілуге мүмкіндік сыйлады. Ал, 18 қарашада Фарер аралдарымен жолдастық кездесуде 0:1 есебімен қарсыласымызға жол бердік. 

2025 жылдың 22 желтоқсанындағы жағдай бойынша әлемдік рейтингінің алғашқы ондығы төмендегідей:

2025 жылғы 22 желтоқсандағы ФИФА рейтингі:

1 (1). Испания — 1877.18

2 (2). Аргентина — 1873.33

3 (3). Франция — 1870

4 (4). Англия — 1834.12

5 (6). Бразилия — 1760.46

6 (5). Португалия — 1760.38

7 (7). Нидерланд — 1756.27

8 (8). Бельгия — 1730.71

9 (10). Германия — 1724.15

10 (11). Хорватия — 1716.88

Еске сала кетейік, бұған дейін Әли Әлиевтің «Жеңіс» футбол клубының тізгінін ұстағанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар