Футболдан Қазақстан WU-16 құрамасы UEFA Даму турнирін жеңіспен бастады
АСТАНА. KAZINFORM – Футболдан 16 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы Талғар қаласында өтіп жатқан UEFA Даму турнирінің алғашқы матчында Эстония құрамасынан басым түсті.
Отандастарымыз кездесу барысында ойын тізгінін қолғ алуға тырысты. Қарсылас құраманың қақпасы маңында жиі бой көрсетіп, жылдам гол соғу мүмкіндігін іздеді. Нәтижесінде олар алғашқы таймда үш мәрте көзге түсті. Алдымен Даяна Төлебаева есепті ашса, одан кейін Милена Николенко мен Нұрай Болатова есепті еселей түсті.
Екінші таймда Милена Николенко тағы бір мәрте қақпаны дәл көздесе, Кәусар Алпысбай бесінші голды соқты. Одан кейін отандастарымыз өз қақпасына бір гол жіберіп алды.
Қазақстан WU-16 – Эстония WU-16 – 5:1 (3:0)
Голдар: Даяна Төлебаева 16, Милена Николенко 20, Нұрай Болатова 24, Милена Николенко 48, Кәусар Алпысбай 56 – Мерлин Тойрк 80
Қазақстан WU-16: Жақсыгелді (Қ), Алпысбай, Остертак, Сманова, Қосарева (к), Болатова, Марат, Мақсот, Төлебаева, Ягудина, Николенко
Эстония WU-16: Хертманн (Қ), Эсна, Лехтсаар, Таммекиви, Матто (к), Лейдас, Доболина, Абассова, Графова, Коол, Паюсте
3 мамыр, 2026. ҚФФ Ұлттық құрамалар базасы. Талғар.
Енді қазақстандық футболшылар алдағы ойынын 5 мамыр күні Израильге қарсы өткізсе, одан кейін 8 мамырда Өзбекстанмен жасыл алаңға шығады.
Айта кетсек, FIFA биылғы әлем чемпионатындағы жүлде қорын $871 млн-ға дейін арттырды.