Футболдан Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жастар құрамасы Талғарда оқу-жаттығу жиынын өткізуде
АЛМАТЫ. 4 қараша. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жастар құрамасы Талғарда оқу-жаттығу жиынын өткізуде.
Еуропа чемпионатының іріктеу матчына дайындық аясындағы бұл шара сенбі күні басталған болатын. Жексенбіге дейін созылатын жиынға аға бапкер Михаил Соловьев Алматының «Қайратынан» - 4, «Астана» мен «Ертістен» (Павлодар) үш-үштен, Қостанайдың «Тобылынан», Шымкенттің «Ордабасынан», Қаскелеңнің «Сұңқарынан» екі-екіден, «Ақтөбе», «Атырау», «Қыран» (Шымкент), «Восток» (Өскемен) және Астананың «Астана-64» пен «Бәйтерегінен» бір-бір аяқдопшыны шақыртып отыр. Олардың арасынан жарақат алып қалғандар қорғаушылардан Қасымжан Таипов «Қайрат», жартылай қорғаушылардан Алтынбек Сапаров («Атырау»), шабуылшылардан Бауыржан Тәңірбергенов («Қайрат») алмастыратын болады. М. Соловьев бұл сынақтан сүрінбей өткен 18 футболшыны іріктеп алып, қарашаның 11-і күні Сербияға аттанбақ. Олар онда 19-ына дейін алаң қожайындарынан басқа, өз тобындағы Австрия мен Финляндия құрамаларымен де күш сынасатын болады.