Футболдан Қырғызстан чемпионатының шешуші ойынына қазақстандық төрешілер бригадасы төрелік етеді

БІШКЕК.  Қарашаның  5-і. ҚазАқпарат /Евгений Новиков/ -    Дүйсенбі,  қарашаның  9-ында  қырғыздың  Қант қаласында        футболдан     Қырғызстан чемпионатының       шешуші  ойыны    өтеді.  «Абдыш-Ата»   және   «Дордой-Динамо» командаларының арасында  өтетін  бұл ойынға      қазақстандық  төрешілер  бригадасы     төрелік етеді.

Футболдан  Қырғызстан  чемпионатының  шешуші  ойынына   қазақстандық      төрешілер    бригадасы    төрелік етеді

Бұл командалар    қырғыз  футболының көшбасшылары  болып   табылады.  «Абдыш-Ата» командасы  жеңіске  жеткен жағдайда,   ел  чемпионатын   анықтау  үшін  «алтын  доп» тағайындалады.    Ал  басқаша аяқталған  жағдайда,   «Дордой»  кезекті чемпиондық атаққа  ие  болады.

Қырғыз   Футбол  федерациясының    бөлім  бастығының айтуынша,     алдағы     жекпе-жектің   маңыздылығы  ескеріле  отырып,  сондай-ақ       барынша  объективті   төрелікті  қамтамасыз  ету мақсатында    Қазақстаннан   реферилер  шақыру  туралы   шешім қабылданған.  Төрешілердің   аты-жөндері   жария  етілмей   отыр.  Ал  Матч инспекторы  халықаралық санаттағы бұрынғы     арбитр  Николай Левников (Ресей)  болады.