Футзал: Қарағандыда Қазақстанның ашық чемпионатының бесінші туры өтеді
АСТАНА. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Ақпанның 12-сі мен 16-сы аралығында Қарағандыда футзалдан 2009/2010 жылғы Қазақстанның ашық чемпионатының бесінші туры өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан Футбол федерациясының мәліметінше, бұл біріншілікте Алматының «Қайрат» Қарағандының «Тұлпар», Астананың «Ұшқын-Искра», сондай-ақ Бішкектің «Әділет» және «АУБ» командалары өзара сынға түсетін болады.
Айта кетейік, төртінші турдан кейін «Қайрат» командасы турнир кестесінде «Тұлпарды» қуып жетіп, көш тізгінін қайтадан қолына алған болатын. Бішкекте өткен төртінші турда «Қайрат» пен «Тұлпар» арасындағы ойын 3:1 есебімен алматылықтардың пайдасына шешілді. Сөйтіп қос команда 16 ойыннан кейін 40 ұпайдан жинады. Доп айырмашылығы бойынша «Қайрат» 1-ші, «Тұлпар» 2-ші орындарда тұр. Одан кейінгі орындарда «Ұшқын», «Әділет» және «АУБ» командалары келеді.