Футзал: «Қайрат» УЕФА рейтингінде көш бастап тұр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматының «Қайрат» футзал клубы УЕФА рейтингінде бірінші орынға шықты. Өткен аптада УЕФА басшылары кәрі құрлықта өнер көрсететін командалардың рейтингін жаңартты. Көш басында Алматының «Қайрат» командасы тұр.
None
None

УЕФА кубогының екі мәрте жеңімпазы атанған алматылық ұжымның қоржынында 50333 ұпай бар. «Қайраттан» кейінгі орынға жайғасқан Испанияның «Интер Мовистар» клубында 43500 ұпай. УЕФА кубогының қазіргі жеңімпазы Ресейдің «Газпром-Югра» командасы үздік үштікті қорытындылаған. Ресейлік ұжымның еншісінде 34000 ұпай.

Алдағы қараша айында «Қайрат» УЕФА кубогы жолындағы бәсекелерін бастайды. Еуропаның рейтингінде үздік тұрған алматылықтар жарыстың негізгі кезеңінде, яғни, элиталық раундында қосылады. Оған дейін еуропалық командалар іріктеудің екі кезеңінен өтеді. Элиталық раундтың жеребе тарту рәсімі қазан айының 21-інде өтеді.

Соңғы жаңалықтар