Футзал: «Қайраттың» қарқыны жақсы

АСТАНА. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қарағандыда футзалдан 2009/2010 жылғы Қазақстанның ашық чемпионатының 5-ші тур матчтары өтті.

Футзал: «Қайраттың» қарқыны жақсы

Оның қорытындысы бойынша Алматының «Қайрат» клубы турнир кестесіндегі жағдайын мығымдай түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл турда «Қайрат» барлық ойында жеңіске жетті. Өзінің басты қарсыласы Қарағандының «Тұлпар» командасымен болған кездесуде 3:2 есебімен басым түсті. «Қайраттың» еншісінде қазір 20 ойыннан кейін 52 ұпай бар. Екінші орында 49 ұпай жинаған «Тұлпар» келеді. Үздік үштіктің қатарында Астананың «Ұшқын» командасы бар. Көш соңында Бішкектің «АУБ» және «Әділет» командалары.

Айта кетейік, Бішкекте өткен төртінші турдан кейін «Қайрат» командасы ұпай саны бойынша турнир кестесінде «Тұлпарды» қуып жетіп, көш тізгінін қайтадан қолына алған болатын.