Футзал: Үшінші турдан кейін «Тұлпар» көш бастады

АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қарағандыда футзалдан 2009/2010 жылғы Қазақстанның ашық чемпионатының үшінші туры аяқталды.
None
None

Оның қорытындысы бойынша Қарағандының «Тұлпар» командасы көш бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Футбол федерациясының мәліметінше, «Тұлпардан» бөлек Алматының «Қайрат», Астананың «Ұшқын-Искра», сондай-ақ Бішкектің «Әділет» және «АУБ» командалары өзара сынға түскен. Екінші турдан кейін 8 ойында 19 ұпай жинаған «Қайрат» үшінші турда «Тұлпарға» тізгінді беріп қойды. «Тұлпар» болса бұл турда «Қайратты» 4:3, «Ұшқынды» 7:2, «Әділетті» 7:4, «АУБ-ты» 9:3 есебімен жеңді. Осылайша, олар 12 ойында 31 ұпай жинап, көш бастады. Екінші орында 28 ұпаймен «Қайрат» келеді. Одан кейінгі сатыларда «Ұшқын», «Әділет» және «АУБ» тұр.

Соңғы жаңалықтар