Футзалдан 2010 жылғы Қазақстан кубогы үшін жарыс басталады

АСТАНА. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қыркүйектің 24-де футзалдан 2010 жылғы Қазақстан кубогы үшін жарыс басталады. Бұл жарысқа «Оңтүстік» және «Солтүстік» деп аталатын екі топқа бөлінген 10 команда қатысады.
None
None

Әр топтағы командалар айналма турнир өткізеді, оның нәтижесі бойынша әрбір топтан үздік шыққан екі команда төртеудің финалына шығады. Алдын-ала кезеңнің матчтарын «Оңтүстік» тобындағылар қыркүйектің 24-і мен 29-ы аралығында Алматыда, ал «Солтүстік» тобындағылар қазанның 2-сі мен 4-і аралығында Екібастұзда өткізеді. Төртеудің финалы дәстүр бойынша ағымдағы жылдың желтоқсан айында болады.

«Оңтүстік» тобында - Алматының «Қайрат», «СКА» және «Ипотека», Астананың «Ұшқын», Ақтаудың «Ақтау» және Қапшағайдың «Қапшағай», ал «Солтүстік» тобында - Қарағандының «Тұлпар», Екібастұздың «Богатырь», Ақсудың «Ақсу» және Рудныйдың «Аят» командалары өнер көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар