Г.Әбдіқалықова ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін басқарады

АСТАНА. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Айгүл Түлекбаева / – Бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұжымына ведомствоның жаңа басшысы – Гүлшара Әбдіқалықованы таныстырды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Естеріңізге салайық, бұған дейін осы лауазымды атқарған Бердібек Сапарбаев Мемлекет басшысының Жарлығымен Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалғанын еске саламыз.Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова 1965 жылы туған, экономист, экономика ғылымдарының кандидаты. Әлеуметтік салада 20 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істеп келеді. Институтты аяқтағаннан кейін Қызылорда облыстық халықты әлеуметтік қорғау басқармасында аға маман, бөлім бастығы (1987-1994 жж.), ҚР Жоғарғы Кеңесі комитетінің консультанты (1994-1995 жж.), Халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде басқарма бастығы, басқарма бастығының орынбасары (1995-1996 жж.), министрліктің әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік саясат департаментінің басқарма бастығы, директордың орынбасары, департамент директоры (1997-2003 жж.), Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі (2003-2005 жж.), «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ басқармасының төрайымы (2005-2006 жж.), Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде жауапты хатшы (2007-2008 жж.) болып қызмет атқарды. 2008 жылдың қаңтарынан бастап ? Президенттің кеңесшісі ? ҚР Президенті жанындағы Әйелдер мен отбасылық-демографиялық саясат істері жөніндегі Ұлттық комиссияның төрайымы.
Соңғы жаңалықтар