Г. Әбдіқалықова отбасылық құндылықтарды дәріптеудің ақпараттық жұмыстарын күшейтуді жүктеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова отбасылық және адамгершілік құндылықтарды дәріптеу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
None
None

Жиын барысында бала асырап алу мен патронатты тәрбиені жетілдіру мәселелері қаралды. Белгілі болғандай, жүргізілген жұмыстар биылғы бірінші тоқсанда балалар үйіндегі 219 баланы өз отбасыларына қайтаруға, сондай-ақ 215 баланы патронатты тәрбие беруге және өзгелердің асырап алуына мүмкіндік берді.

Г. Әбдіқалықова Қазақстан Мыңжылдықтың бесінші мақсатына мерзімінен бұрын қол жеткізгенін, аналар өлімінің деңгейі үш есе төмендегенін атап өтті. Осы орайда 1999 жылы тірі туылған әр 1000 балаға 55 ана өлімінен келсе, 2013 жылы бұл көрсеткіш 12,6 пайызға дейін азайды.

Дүниежүзілік экономикалық форумның 2014 жылғы есебіне сәйкес, 57 елден тұратын топта елде АИТВ инфекциясының таралуы бойынша Қазақстан төмен көрсеткішпен, яғни 0,2 пайызбен бірінші орынды иеленді.

Айта кетейік, отырыста Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленіп, Үкімет қабылдаған отбасылық қатынастарды, моральдық-этикалық және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтудың 2015-2020 жылдарға арналған жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының орындалу барысы қаралды.

Соңғы жаңалықтар