Г.Әбдіқалықова жұмыс сапарымен Алматы қаласына барады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 13 қарашада Премьер-Министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова жұмыс сапарымен Алматы қаласына барады.
Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қызмет өкілі Әсет Мұқажанов айтты.
"13 қарашада Премьер-Министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова жұмыс сапарымен Алматы қаласына барады. Ол Алматыда бірқатар әлеуметтік нысандарды аралайды. Сондай-ақ халық саны және оның дамуы бойынша парламентшілердің Азиялық форумына қатысады", - деді ол.