«G-Global» - қазіргі заманғы күнтәртіптегі өзекті мәселелер бойынша жан-жақты диалогтың форматы

АСТАНА. 24 мамыр. ҚазАқпарат - «G-Global» - қазіргі заманғы күнтәртіптегі өзекті мәселелер бойынша жан-жақты диалогтың форматы. Бүгін елордада АЭФ аясындағы Көшбасшылар диалогында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов осылай мәлім етті.
None
None

«Әлемдік қаржы дағдарысы жаһандық экономикалық тұрақтылықты қолдау мәселесін бірлесе шешудің қажеттілігін көрсетті. Күрделі мәселелер мен қатерлерді шешудің негізі ретінде кең ауқымдағы диалог пен өзара іс-қимыл болуы тиіс»,-деді С. Ахметов.

Осы орайда ол әлемдік экономиканың тұрақты дамуына, нарықтарға деген сенімнің қалпына келуіне, қаржылық әлсіздікті төмендетуге бағытталған халықаралық және ұлттық деңгейде қабылданған барлық шараларды еліміз қолдайтынын сөз етті.

«Ағымдағы форум барысында Дүнижүзілік дағдарысқа қарсы конференцияның декларациясын әзірлеу ұсынылды. Ол өз кезегінде «G-20» аясында қатысушы мемлекет басшыларының кезекті саммитінің қаруына бағытталады»,-деді Үкімет басшысы.

Соңғы жаңалықтар