12:01, 14 Маусым 2016 | GMT +5
Г.Головкин The Ring журналының P4P рейтингінде үшінші орында
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бокс туралы беделді The Ring журналы салмақ дәрежесіне қарамастан (pound-for-pound) әлемнің үздік боксшылары рейтингін жаңартты, деп хабарлады Sports.kz.

ТОП-10 көш басында Роман Гонсалес қалды, екінші орында Сергей Ковалев, ал Геннадий Головкин үшінші орынды сақтап қалды. Рейтингтің екінші жартысы ғана өзгерді.
The Ring жорналының нұсқасы бойынша үздік он боксшы:
1 (1). Роман Гонсалес
2 (2). Сергей Ковалев
3 (3). Геннадий Головкин
4 (4). Андре Уорд
5 (5). Гильермо Ригондо
6 (6). Теренс Кроуфорд
7 (-). Василий Ломаченко
8 (7). Сауль Альварес
9 (8). Шинсуке Яманака
10 (9). Наоя Иноуэ.