Г.Имашпаева «Назарбаев зияткерлік мектептерінің» үздік мұғалімі атанды

Конкурстың қорытындысы бойынша 1 орынды Өскемен қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқытушысы Гүлжайна Имашпаева жеңіп алды. Жеңімпазға «Назарбаев зияткерлік мектептерінің үздік мұғалімі - 2011» деген атақ берілді. 2 орынға Астана қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқытушысы Жұпат Ерниязова ие болды, ал үшінші орынды Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқытушысы Надежда Кулик пен Астана қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқытушысы Роман Шеляг бөлісті.
«Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинованың айтуынша, барлық қатысушылар кәсіби шеберліктерін және жоғары денгейін көрсетті.
Жылдың соңына қарай өткен іс шара, мұғалімдердің кәсіби қызметтерін қорытындылады. Конкурсқа Астана, Көкшетау, Өскемен, Талдықорған, Семей қалаларындағы Зияткерлік мектептерден үш үміткерден, ағылшын тілі, химия, физика, биология, математика және тағы басқа пәндердің мұғалімдері қатысты. Әрбір қатысушы алдымен өз аймағында мектепшілік іріктеуден өтті.
Конкурстың соңында қазақстандық танымал «Ринго» тобы өнер көрсетті.