11:28, 17 Ақпан 2009 | GMT +5
Ғ.Құрманғалиевке арналған көрме ашылды
ОРАЛ. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде атақты әнші-композитор Ғарифолла Құрманғалиевтің 100 жылдығына орай «Өнердің қайталанбас ер тұлғасы» атты көрме ашылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Көрмеде Ғ.Құрманғалиевтің жастық шағында және өмірінің өзге де сәттерінде түсірілген суреттер сыр шертсе, әншінің қос шапаны, сахналық киімі көрмеге келушілерге ерекше әсер етуде. Сондай-ақ осы арадағы ән жазбалар мен ноталар, күйтабақтар композитор шығармашылығының жәдігерлері ретінде көрермен назарына ұсынылды.
Көрме алдағы уақытта да тұрақты жұмыс істейді.