Г.Марченко Ұлттық банкті бұрын-соңды басқарған басшылардың рейтингісінде алғашқы үштікке енбей қалды

АСТАНА. 4 маусым. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың мамыр айында «Рейтинг.kz» зерттеу агенттігі еліміздің қаржы институты саналатын Ұлттық банктің бірінші басшыларының негізгі кәсіби және іскерлік қасиеттерін объективті бағалау үшін сарапшылық сауалнама жүргізді.
None
None

Оның нәтижесі бойынша, ҚР Ұлттық банкін бұрын-соңды басқарған басшылар рейтингісін Дәулет Сембаев, Ораз Жандосов пен Әнуар Сәйденов бастады. Ал Ұлттық банкті 9 жылға жуық уақыт басқарып келе жатқан Григорий Марченко бұл рейтингте 4-орынға орналасты.

«Мұны сәтсіздік ретінде бағалауға болады. Себебі рейтингтің 5-інші және 6-ыншы орындарын иеленген Ғалым Байназаров пен Қадыржан Дәмитов Ұлттық банктің төрағасы қызметін небәрі бір жыл ғана атқарды. Қазақстан халқының мойындалуы мен сенім деңгейі бойынша Марченко соңғы орынға (3,28 балл) орналасты», - делінген «Рейтинг.kz» зерттеу агенттігі таратқан баспасөз хабарында.

«Рейтинг.kz» агенттігі рейтингті қалыптастыру кезінде сарапшылар арасында сауалнама жүргізді. Оған 50 қоғамдық-саяси қайраткер қатысты - ҚР Парламентінің депутаттары, бизнес қауымдастықтың, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық үрдістерін зерттеумен айналысатын тұлғалар.

Сонымен, ҚР Ұлттық банкінің тізгінін ұстаған бірінші басшылардың рейтингісі келесідей:

Ұлттық банктің басшылары

Қазақстанның қаржылық-банк жүйесін дамытудағы жекелей үлесі

Қазақстандық элитасындағы мойындалуы мен орны (қызмет уақытында)

Кәсіби ортадағы беделі (қаржыгерлер мен банкирлер арасында)

Халық арасындағы мойындалуы мен сенімі (қызмет уақатысында)

Кәсіби қасиеттер (білімі, басшылық тәжірибесі және т.б.)

Ұлттық банк жұмысын ұйымдастыру

Дағдарысқа қарсы басқару қабілеттері

Қабылданған шешімдер үшін өзіне жауапкершілікті алу қабілеті

Келешегі бар

Жалпы рейтингтік көрсеткіш

Ғалым Байназаров (1992-1993 жж.)

4,88

5,14

4,97

4,36

5

4

3,04

3,18

1,1

3,96

Дәулет Сембаев (1993-1996 жж.)

5,62

5,78

5,91

4,94

5,74

5,43

5,1

5,5

1,42

5,05

Ораз Жандосов (1996-1998 жж.)

5,12

5,41

5,72

5,03

5,34

4,9

4,72

4,96

4,12

5,03

Қадыржан Дәмитов (1998-1999 жж.)

2,86

3,46

4,5

4,06

4,98

2,9

2,5

3,06

2,34

3,41

Әнуар Сәйденов (2004-2009 жж.)

3,98

4,21

5,5

4,5

5,14

4,35

4,46

3,56

3,7

4,38

Григорий Марченко (1999-2004 жж., 2009 жылдан бастап)

4,04

4,24

5,2

3,28

5,26

4,42

4,29

3,41

2,12

4,03































Респонденттердің бағаларына сәйкес, Ұлттық банктің қазіргі және бұрынғы басшылары келесідей рейтингтік орындарға ие болды:

1. Дәулет Сембаев (5,05 балл).
2. Ораз Жандосов (5,03 балл
3. Әнуар Сәйденов (4,38 балл).
4. Григорий Марченко (4,03 балл).
5. Ғалым Байназаров (3,96 балл).
6. Қадыржан Дәмитов (3,41 балл).

Соңғы жаңалықтар