Г. Марченко: Ұлттық банктің халықаралық резервтері 2,2 пайызға төмендеді

АЛМАТЫ. 6 маусым. ҚазАқпарат - Мамыр айында елдің халықаралық резервтері 0,2 пайызға төмендеді.

Г. Марченко: Ұлттық банктің халықаралық резервтері 2,2 пайызға төмендеді

Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко мәлімдеді.

«Мамыр айында 600 миллион доллар сатып алдық. Ешқандай интервенция өткізбедік. 3 күн қатарынан нарықта теңге өтімділігінің тапшылығы орын алды. Банктер теңгені көтеру үшін долларды сатты», - деді Г.Марченко.

Бас банкирдің айтуынша, Ұлттық банктің халықаралық резервтері 34,3 млрд. долларға немесе 2,2 пайызға азайды. Таза халықаралық резервтері де 2,2 пайызға кеміп, 33,8 млрд. долларды құрады. Халықаралық резервтердің төмендеуіне ең алдымен, еуроның әлсіреуі салдарынан терістік бағамдық айырма әсер етті. Ішкі валюта нарығында валюта сатып алу, Үкіметтің Ұлттық банктегі шоттарына валютаның түсуі Үкіметің сыртқы борышына қызмет көрсету және ұлттық қордың активтерін алтынвалюта резервтерінің шоттары есебінен толықтыру жөніндегі операциялармен бейтараптандырылды. Нәтижесінде, таза валюта қорлары 1,9 пайызға кеміді. Алтындағы активтер оның әлемдік нарықтардағы бағасының құлдырауы нәтижесінде 3,5 пайызға азайды. Мамырда Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (алдын ала деректер бойынша 51,6 млрд. доллар) қоса алғанда, тұтастай елдің халықаралық резервтері 85,9 млрд. долларға дейін 0,2 пайызға төмендеді.