G8 РФ мен АҚШ-тың жыл соңына дейін стратегиялық шабуыл қарулары бойынша шарт жасасу туралы шешімін қолдады

РИМ. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат - Италияның Аквила қаласында өтіп жатқан «сегіздік» саммиті Мәскеу мен Вашингтонның мәскеу саммитінде қол жеткізілген жыл аяғына дейін стратегиялық  шабуыл қарулары бойынша шарт жасасу туралы уағдаластықтарын бірауыздан қолдады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік «Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап.

 «Кездесу барысында қырып жоятын қаруларды таратпау және қарусыздану мәселесі бойынша көшбасшылар мақұлдаған маңызды мәлімдеме жасалды. Атап айтқанда, онда Ресей мен АҚШ президенттері бірлесе отырып, түсіністікпен жоғары деңгейде рәсімдеген қол жеткен уағдаластыққа бірауыздан ұжымдық қолдау көрсетілді», - деді РФ Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков телефон арқылы өткен баспасөз мәслихатында.

Соңғы жаңалықтар