Гаагада Қазақстан Конституциясы күніне орай қабылдау өткізілді
Жоғарғы Комиссары Кнут Воллебек бастаған Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Аз ұлттардың істері жөніндегі Жоғарғы комиссары кеңсесінің өкілдері, қазақ диаспорасы, тағы басқалар қатысты, деп хабарлайды сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметінен.
Қазақстандық жақтан Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Е.Тоғжанов бастаған Нидерландыға «Ұлысаралық ықпалдастық пен толеранттылықтың қазақстандық моделі» семинарына қатысуға келген делегация, сондай-ақ Қазақстанның Әділет министрлігі, Жоғарғы соты және Бас прокуратурасы өкілдерінен тұратын делегация қатысты. Екінші делегация қазіргі уақытта «Asser» институтында еуропалық заңнамалар мәселелері бойынша тренинг-семинарға атсалысуда.
Нидерландылық тарап саяси жүйені ырықтандырудың, мемлекетті басқарудағы өкілетті билік органдарының өкілдіктерін кеңейтудің, Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдардың, аз ұлттардың рөлін көтерудің жүйелік факторы ретіндегі Ата Заңымыздың қалыптасу тарихымен таныстырылды.
ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттардың істері жөніндегі Жоғарғы комиссары Кнут Воллебек өз сөзінде, біздің еліміздің Конституция қабылдағаннан бергі жетістіктерін атап көрсетіп, Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметіне жоғары баға берді және елдің қоғамдық-саяси өміріне аз ұлттардың қатысуына қолдау көрсету бағытындағы ынтымақтастыққа үміт артты.