08:47, 03 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Габриэль Гарсия Маркес Мексикада журналистерді марапаттау салтанатына қатысудан бас тартты
АСТАНА. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат - Әлемге әйгілі колумбиялық жазушы Габриэль Гарсия Маркес ол басқаратын, мексикалық астананың солтүстігіндегі Монтеррей қаласында өтетін Ибероамерикандық жаңа журналистика қоры аясында жылдың үздік тілшісін дәстүрлі марапаттауға қатысудан күтпеген жерден бас тартты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ИТАР-ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, әдебиет саласындағы нобелдік лауреат «қатты тұмауратуына байланысты» дәрігерлердің талабы бойынша форумға қатысудан бас тартқан.
Солай болғанымен, олар Гарсия Маркес денсаулығының жай-күйі туралы толығырақ нақтыламаған, тек «Жүз жылдық жалғыздық» романының авторы марапаттау салтанатын мексикалық астанадағы өзінің үйінде отырып қарайтынын телефон арқылы хабарлаған.
Бір айта кетерлігі жазушы 2001 жылдан бері журналистік сыйлық лауреаттарын марапаттауға жеке өзі қатыспай келеді.
Қор қазылары интернет-басылымдарды қоса алғанда түрлі БАҚ-тарда жұмыс істейтін ибероамерикандық елдердің үздік тілшілерінің аттарын жыл сайын атайды.