Гаити аралында күшті жер сілкінісі болды

АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат Гаити аралдарында күші 7 балдық жер сілкінісі тіркелді.
None
None

Бұл туралы CNN телекомпаниясы АҚШ-тың Геологиялық қызметіне сілтеме жасап хабарлап отыр.

Келіп түскен мәліметтер бойынша, жерасты дүмпуінің кіндігі Гаити елордасы - Порт-о-Пренс қаласынан батысқа қарай 20 шақырымдай жерде орналасқан.

Бұқаралық ақпарат құралдарының деректері бойынша, зілзала салдарынан Пешнвилле қаласындағы аурухана қираған.

Мәлім болған тағы бір жайт: Гаити жағалауынан бірнеше миль қашықтықта бірнеше минут бойы екі жер сілкінісі болған.

Қайталанған жерасты дүмпулерінің магнитудасы 6 балды құрады, деп хабарлайды Рейтер агенттігі. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер туралы әзірге мәлімет жоқ.

Сейсмикалық орталық бұған дейін Гаити, Куба, Багам аралдары және Доминикан Республикасының жағалауларында цунами пайда болу қаупі туралы ескерткен болатын.

Соңғы жаңалықтар