Гаити астанасындағы зілзаланың құрбандары 150 мың адамға жетті
АСТАНА. Қаңтардың 25-і. ҚазАқпарат - Гаитидің астанасы Порт-о-Пренс қаласында болған жойқын зілзаланың құрбандары 150 мың адамға жетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Associated Press сайтына сілтеме жасап. Бауырластар қабіріне осыншама адам жерленді.
Мари-Лоранс Жослин Лассегтің (Marie-Laurence Jocelyn Lassegue) деректері бойынша, бұл санға елдің басқа қалаларындағы зілзала құрбандары, сондай-ақ туыстары жерлегендердің немесе өртегендердің мәйіттері кірмейді. «Үйінділердің астында қаншама мәйіт жатқанын ешкім де білмейді - екі мың ба, үш мың ба? Құрбандардың жалпы санын кім біледі?» - деп мәлімдеді министр.
Гаити үкіметі зілзаладан он күннен астам уақыт өткеннен кейін тірі қалғандарды табу мүмкіндігі барынша аз болғандықтан іздеу жұмыстарының аяқталғанын жариялады. Құтқарушыларға үйлердің қирандыларының астынан 130-дан астам адамды аршып алудың сәті түсті. Соңғы табылған адам жасы 24-тегі гаитилық азамат болды. Ол зілзала кезінде азық-түлік дүкенінде боғандықтан, 12 күн бойы печеньемен, коламен және сырамен қоректенген.