Гаитиде қаза тапқан алғашқы 7 мың адам жерленді
АСТАНА. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат - Гаити Президенті Рене Вреваль, зілзаланың құрбаны болған 7 мыңдай адамның ортақ зиратқа жерленгенін мәлім етті.
Бұл туралы «РИА «Новости» агенттігі хабарлады.
Кариб аралдарының жағалауында сейсенбі күні болған 7 балдық жер сілкінісі Гаити Республикасының елордасы - Порт-о-Пренс қаласын жермен-жексен етіп отыр. Қаза тапқандардың нақты саны әлі белгісіз. Түрлі бағалаулар бойынша, ондаған мыңнан жүздеген мыңға дейін адам құрбан болуы ықтимал. Ал зардап шеккендердің саны 3 миллион адамға дейін жетуі мүмкін.
«Біз 7 мың адамды ортақ зиратқа жерледік», деп мәлім етті журналистерге сұхбат берген Гаити Президенті.