Гаитиде тағы да жер сілкінді
АСТАНА. Қаңтардың 16-сы. ҚазАқпарат - Гаитиде тағы да жер сілкінді. Бұл жолы жерасты дүмпуінің магнитудасы 4,6 балды құрады,
деп хабарлады АҚШ-тың геологиялық қызметінен.
Гаити үкіметі бұған дейінгі зілзала салдарынан 140 мың адамның қаза тапқанын хабарлады. Олардың 40 мыңы бауырластар зиратына жерленді.
Бұған дейінгі ақпараттарда 50 мың адамның қаза болып, 250 мың адамның жараланғаны айтылған болатын. Қазіргі таңдағы негізгі проблемалардың бірі - қарақшылар мен мародерлар тобы болып отыр: олар қала көшелерінде тұтанған зорлық-зомбылықтарға себеп болуда.