Гаитиде зілзала құрбандарының саны 170 мың адамға жетті
АСТАНА. Қаңтардың 28-і. ҚазАқпарат - Гаитиде зілзала құрбандарының саны 170 мың адамға жетті. Бұл мәліметті ел президенті Рене Преваль мәлім етті. Бұған дейін 150 мың құрбан туралы айтылған болатын,
деп хабарлайды РБК агенттігі.
Ал соңғы мәліметтер бойынша, Порт-о-Пренсте құлаған үйлердің бірінің астынан сәрсенбі күні 17 жасар бойжеткен аман-есен алып шығарылды. Бұл туралы француз және гаитилік құтқарушылар хабарлаған. Бойжеткен зілзаладан 15 күннен кейін құтқарылып отыр. Порт-о-Пренсте жұмыс істейтін құтқарушылардың бірінің айтуынша, әлгі бойжеткеннің құтқарылуы - «нағыз таңғажайып нәрсе».
Құтқарылған қыз әбден азып-тозғанына, аяғы зақымданғанына қарамастан, аман-есен. Дәрігерлер оның жағдайына ешқандай алаңдаушылық жоқ екенін айтуда.