Гаитиде зілзала салдарынан қаза тапқан қытайлық сегіз бітімгершінің денесі тиелген арнайы ұшақ Бейжіңге келді
БЕЙЖІҢ. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ -Гаитиде зілзала салдарынан қаза тапқан қытайлық сегіз бітімгершінің денесі тиелген арнайы ұшақ Бейжіңге ұшып келді.
Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитеті Саяси бюросының Тұрақты комитетінің мүшесі, Орталық комитеттің саяси-заңнамалық комиссиясының хатшысы Чжоу Юнкан Бейжіңдегі «Шоуду» әуежайына арнайы келіп, Гаитидегі зілзала салдарынан қаза тапқан қытайлық полиция офицерлерінің туған-туыстарына партияның және Қытай Мемлекеттік кеңесінің, Орталық комитеттің Бас хатшысы Ху Цзиньтаоның атынан көңіл айтты.
Гаитидегі зілзаладан кейін із-түзсіз жоғалғандар санатында болып келген қытайлық сегіз полиция офицерінің мәйіті дүйсенбі күні табылды. Олар - БҰҰ-ның Гаитидегі бітімгершілік миссиясының қатарында қызмет еткен офицерлер мен сарбаздар.