Гаитиде зілзаладан кейін мыңдаған адам үйінділердің астында қалып қоюы мүмкін

АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат - Көптеген ғимараттар, кеңселер, қонақүйлер мен дүкендер Гаити жағалауында болған зілзаланың салдарынан қирап қалды.
None
None

Үйінділердің астында жүздеген, тіпті мыңдаған адам қалып қоюы мүмкін, деп хабарлайды «РИА «Новости» агенттігі.

«Қал (Порт-о-Пренс) қараңғылыққа оранды, мыңдаған адам көшеде жүр, олардың барар жерлері жоқ. Мен өз көзіммен сегіз шақты қираған ғимаратты көрдім, олар отельдер мен дүкендер. Құрбандардың саны жүзден асады деп ойлаймын», деп мәлім етті ақпарат құралына сұхбат берген Foor for the Poor гуманитарлық ұйымының қызметкері.

Гаити жағалауында сейсенбі күні екі күшті жер сілкінісі болғанын ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлаған болатын.

АҚШ Президенті Барак Обама Гаитиде жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсету туралы нұсқау берді. Мемлекеттік департамент, USAID ұйымы және АҚШ Қарулы күштерінің қолбасшылығы оңтүстік аймақта қажет көмекті бағалау және құтқару жұмыстарын үйлестіру жұмыстарына кірісіп кетті.

Гаити Республикасының АҚШ-тағы елшісі Раймонд Джозеф мәлім еткендей, «бұл жер сілкінісі үлкен апат әкеліп отыр».

Соңғы жаңалықтар