11:33, 02 Қаңтар 2016 | GMT +5
Гаитидегі президенттік сайлаудың екінші кезеңі 17 қаңтарда өтетін болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Гаити президенті Мишель Мартейи елдегі президенттік сайлаудың екінші кезеңінің мерзімін бекітті: дауыс беру 17 қаңтарда өтеді.

Екінші кезең өткен аптада болуы тиіс еді. Алайда оппозиция қазан айында өткен бірінші кезеңде заңбұзушылықтар орын алды деп мәлімдегеннен соң кейінге шегерілді. Бұдан кейін елде тәртіпсіздіктер орын алды.
Дауыс беру нәтижесін тексеру үшін арнайы комиссия құрылды.
Гаитидің тәуелсіздік күніне арналған өз сөзінде Мартейи ел азаматтарын заңды құрметтеп, дауыс беруге қатысуға шақырды.
Сайлаудың екінші кезеңіне екі үміткер қатысады. Бұл - банан экспорттаушы Жовенель Муаз бен президенттік лауазым үшін екінші рет бәсекелесіп отырған құрылыс компаниясының басшысы Жюд Селестен.